русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшылар кіші әлем чемпионатында 3 медаль алды

Қазақстандық боксшылар кіші әлем чемпионатында 3 медаль алды

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Софияда (Болгария) өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Бекбауов финалда үндістандық Раджатты 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы «Страндже-2024» турниріндегі жалғыз алтын медаль алды. Жерлестеріміз бұдан бөлек, бір күміс (Санжар Ташкенбай, 51 келі) және бір қола (Тұрсынбай Құлахмет, 80 келі) медальге ие болды.

Айта кетейік, Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ 2022 жылғы Азия чемпионатында дәл осы санатта күміс жүлдеге ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;