«Астана» жолдастық кездесуде ірі есеппен жеңіске жетті
«Астана» футбол клубы Дубайдағы оқу-жаттығу жиынында жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордалық команда жергілікті «Элайт Фалконс» клубын 3:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, жеңіске жеткен команда сапында Марин Томасов, Нұрәлі Жақсылық және Владислав Прокопенко гол соқты.
«Астананың» негізгі құрамы: Заруцкий, Вороговский, Марочкин, Кусяпов, Басманов, Бейсебеков, Осей, Прокопенко, Томасов, Каримов, Камара.