русский язык

«Қайрат» халықаралық турнирде «Ростовпен» кездеседі

Алматылық «Қайрат» футбол командасы РПЛ Қысқы кубогындағы екінші кездесуін Ресейдің «Ростов» командасына қарсы өткізеді.

Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан халықаралық турнир 14 ақпанға дейін жалғасады.

Екі команда арасындағы кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталады. Алғашқы ойында алматылық клуб БАӘ-нің «Шабаб Аль-Ахли» командасына 0:2 есебімен жол берген болатын.

Төрт команда топтық кезеңде бір-бірімен кездеседі. Топта бірінші орын алған ұжым турнирдің жеңімпазы атағына ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;