русский язык
Бокс

Странджа кубогы: Финалда қазақстандық қос боксшы кімдермен жұдырықтасады

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогының финалына шыққан қос боксшымыздың қарсыластары белгілі болды.

Атап айтсақ, бүгін 11 ақпанда Софияда (Болгария) кіші әлем чемпионаты аталып кеткен Странджа кубогының финалында 51 келі салмақта Санжар Тәшкенбай мен 67 келіге дейінгі салмақта Дулат Бекбауов алтын медальға таласады. Екеуінің де қарсыластары үндістандық боксшылар.

Тәшкенбайдың қарсыласы аса тәжірибелі боксшы Амит Пангал болса, Бекбауов тағы бір үнді боксшысы Раджатпен бас жүлдені сарапқа салады.

Жекпе-жектті 21:30 да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;