«Қазақстандық Джокович» жоспарымен бөлісті
![«Қазақстандық Джокович» жоспарымен бөлісті](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201131_67381f1f4ba85d3acb68121dfa0d9e03.jpg?t=1707477871?v=28686440)
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев биылғы жылға қандай жоспары бар екенін айтты.
«2023 жылы мен үшін өте табысты болды: халықаралық турнирларда екі рет финалға шығып, біреуінде топ жардым. Осы жылдан бастап TAS Group компаниялар тобы маған демеушілік жасап жатыр. Алдағы уақытта бірге үлкен жеңістерге жетеміз деп ойлаймын», - деді қазақстандық теннисші, ұлттық құрама мүшесі Бейбіт Жұқаев.
Айта кетейік, Бейбіт Жұқаев қазіргі таңда Қазақстанның төртінші ракеткасы, ал әлемдік рейтингте ТОП-200 теннисшінің қатарына кіреді.