Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында жүлдесіз қалды
news-banner7
mobile-news-top
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бүгін қазақстандық Сергей Петрович 89 келі салмақта сынға түсті.

Өкінішке қарай отандасымыз үздіктер қатарына іліге алмады. Ол жұлқа көтеруде 156 келіні бағындырса, серпе көтеруде 183 келіні көтеріп, қоссайыс қорытындысында 339 келі көрсеткішпен 9-орынға табан тіреді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Ерлер. 89 кг

1-орын – Иран - Али Алипур 363 кг (163+200)

2-орын – Өзбекстан - Сарварбек Зафаржонов кг (167+195)

3-орын - Қырғызстан - Эмил Молдодосов кг (162+190)

9-орын – Қазақстан - Сергей Петрович 339 кг (156+183)

Бүгін 96 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына тағы бір зілтеміршіміз Кирил Староверкин шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер