русский язык
Әлем футболы

«Реал Мадрид» «Әл-Насрмен» жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

«Реал Мадрид» «Әл-Насрмен» жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

«Реал Мадрид» «Әл-Насрмен» жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі араб журналисі Сауд Әл-Сарамиге сілтеме жасап.

Мадридтіктер 2024 жылдың аяғында немесе 2025 жылдың басында «Сантьяго Бернабеу» стадионында жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін «Әл-Насрды» жолдастық ойын өткізуге шақырған.

«Әл-Наср» сапында былтыр қаңтардан бері «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Криштиану Роналду ойнайды. Португалиялық футболшы 2009-2018 жылдар аралығында «Реал Мадридте» өнер көрсетіп, команда тарихындағы үздік бомбардир атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;