русский язык
Әлем футболы

PopFoot басылымы матчың үздік ойыншысы атанған футболшылар рейтингін жариялады

PopFoot басылымы матчың үздік ойыншысы атанған футболшылар рейтингін жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Франциялық PopFoot басылымы 2009 жылдан бері ойынның үздік ойыншысы атанған әлемнің жетекші чемпионаттарындағы матчтардың пайыздық көрсеткіші негізінде рейтинг жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте бірінші орынды «Барселона» мен «ПСЖ» сапында Ла Лига мен Лига 1-де 628 матч өткізіп, 324-ойында (51,6%) үздік атанған 36 жастағы аргентиналық шабуылшы Лионель Месси иеленді.

Екінші орынды АПЛ, Ла Лига және А Сериясында 612 матч өткізген 39 жастағы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду. Ол 176 рет үздік ойыншы атанды (28,8%).

Үздік үштікті Испания және Франция чемпионаттарында 336 кездесудің 90-матчында үздік болған 32 жастағы бразилиялық шабуылшы Неймар түйіндеді.

Топ-10 келесідей:

  1. Лионель Месси («Барселона», «ПСЖ») – 51,6% (628 матчың 324-інде).
  2. Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус») – 28,8% (612/176).
  3. Неймар («Барселона», «ПСЖ») – 26,8% (336/90).
  4. Златан Ибрагимович («Барселона», «Милан», «ПСЖ», «Манчестер Юнайтед») – 24,2% (396/96).
  5. Килиан Мбаппе («Монако», «ПСЖ») – 24% (342/82).
  6. Эрлинг Холанд («Боруссия», «Манчестер Сити») – 21,5% (181/39).
  7. Гарри Кейн («Тоттенхэм», «Бавария») – 21,2% (463/98).
  8. Арьен Роббен («Бавария») – 20,3% (281/57).
  9. Кевин де Брёйне («Вердер», «Челси», «Вольфсбург», «Манчестер Сити») – 19,3% (446/86).
  10. Эден Азар («Лилль», «Челси», «Реал») – 19,2% (520/100).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;