русский язык
Басқа

Қазақстан Дохадағы әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстан Дохадағы әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті

Бүгін Дохада (Катар) су спорты түрлерінен әлем чемпионатында әйелдер арасында жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

5 шақырымдық қашықтықта голландиялық Шарон ван Раувендал үздік атанды. Екінші орынды аустралиялық Челси Хубекка алды. Үшінші болып бразилиялық Ана Марсела Кунья келді.

Бұл жарыста Қазақстан намысын Диана Тасжанова мен Дарья Пушко қорғады. Тасжанова 1:01:20,70 нәтижесін көрсетіп, 41-орын, Пушко 1:04:55,20 нәтижесімен 47-орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;