«Ордабасы» хорватиялық қақпашымен келісімшартқа отырды
![«Ордабасы» хорватиялық қақпашымен келісімшартқа отырды](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/201736_b5d0d4b71f9cd6db673a2ee8ab4b74bf.png?v=28669563)
Шымкенттік «Ордабасы» 22 жастағы хорватиялық қақпашы Карло Сентичпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Карло Сентич - «Хайдуктың» түлегі. Өзінің мансабында ол хорватиялық «Вараждин» мен венгриялық «Дьошдьор» сапында да жалға ойнады.
Сентич 2023/24 жылғы маусымының бірінші жартысын Венгрия клубында өткізіп, қаңтарда «Хайдукқа» оралды. Ол «Дьошдьор» сапында 10 матч өткізіп, 13 гол жіберіп алып, бір рет қана қақпасын таза сақтай алды.