Сербиялық қорғаушы «Шахтер» командасында қаралымнан өтіп жатыр
![Сербиялық қорғаушы «Шахтер» командасында қаралымнан өтіп жатыр](https://prosports.kz/upload/news/content//202402/472_6b1f39182cd884eab650bde21fe25485.jpg?v=28701368)
Қарағандылық «Шахтер» клубында сербиялық қорғаушы Филип Стаменкович қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
25 жастағы ойыншының кейінгі клубы өзбекстандық «Металлург» болды. Стаменкович Бекабад қаласының командасы сапында жалпы 5 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.
Футболшы ресейлік «Велес», сондай-ақ сербиялық «Раднички Белград», «Динамо» Вране және «Златибор» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.
Айта кетейік, 2023 жылы желтоқсанда Стаменкович қызылордалық «Қайсарда» қаралымнан өткен, бірақ тараптар келісімшарт жасаспады.