русский язык
Әлем футболы

Месси Неймардың командасынан жеңіліп қалды

Месси Неймардың командасынан жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

30 қаңтарда "Әл-Хилял" мен "Интер Майами" футбол клубтары арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Сауд-Арабия астанасы Эр-Риядта жергілікті команда өз алаңында америкалық ұжым "Интер Майамиді" қабылдады.

90 минутқа созылған кездесу 4:3 есебімен "Әл-Хилал" командасының жеңісімен аяқталды. Матчтың 10 минутында Митрович есеп ашса, араға 3 минут салып Әл-Хамдан "Әл-Хилалдың" екінші голын соқты.

Ал "Интер Майамидің" жаңа футболшысы Луис Суарес матчтың 34 минутында есеп қысқартты. Десе де бірінші таймның соңында Микаэль "Әл-Хилалдың" үшінші голын салды. Екінші тайм америкалық құрам үшін сәтті басталды.

Месси 54 минутта пенальтиден көзге түссе, 1 минуттан кейін Лионелдің пасынан Руис мергендік танытты. Ал кездесудің жеңіс голын Неймардың әріптесі Малком соқты. Айта кетейік, Неймардың өзі бұл матчқа жарақатына байланысты қатыспады.

Еске салайық, Месси бастаған "Интер Майами" 1 ақпанда Роналду ойнайтын "Әл-Насрға" қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;