«Ордабасы» қарызынан толық құтылды

«Ордабасы» қарызынан толық құтылды
news-banner7
mobile-news-top

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» футбол командасының жанкүйерлерімен кездесіп, футболды дамытудағы жоспарларымен бөлісті.

  Былтыр команда 32 жылдық тарихында алғаш рет ел чемпионатында үздік деп танылды.  Дегенмен, клубтың жылдар бойы қордаланған  қарызы 4,2 млрд теңгеге жеткен болатын. Күрделі мәселе әкім тапсырмасына сәйкес шешімін тапты. Қазіргі таңда клуб берешегі толықтай жабылып, УЕФА чемпиондар лигасына қатысатыны ескеріліп, жергілікті бюджет есебінен  биылғы жылға 4,3 млрд теңге қаржы бөлінді. “Ордабасы” клубы Еурокубок ойындарына қарызсыз қатысатын болады. 

 Қала әкімдігі өз тарапынан өзекті мәселелердің барлығын шешіп, міндеттемелерін толықтай орындады. Алдағы уақытта қаражаттың тиімді жұмсалуына тікелей Клуб президенті Б.Абдубаитов жауапты.

 «Жуырда Мемлекет басшысына қаланың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беруім барысында  мегаполиске заманауи стандартқа сай стадион қажеттілігін баяндаған болатынмын. Президентіміз биыл жаңа стадионның құрылысын бастау туралы нақты тапсырма берді. Биыл “Бозарық” елдімекенінде 35 мың орынға есептелген стадион құрылысын бастап, 2 жылда, яғни 2026 жылдың ортасына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. «Қажымұқан» стадионы туралы да көпшіліктің арасында әртүрлі алыпқашпа ақпараттар таралуда. Оның бәрі негізсіз. Бұл стадионды да реконструкциядан өткізіп, команданың қосалқы алаңына және жеңіл атлетикадан ұлттық команда жаттығатын орынға айналдыратын боламыз»  –  деді Ғ.Сыздықбеков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер