UFC қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегін ресми жариялады
![UFC қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегін ресми жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_73da606e893cf630636ea00563c02dfa.jpg?v=28701365)
UFC Eurasia парақшасы қазақстандық файтер Азат Мақсұмның келесі жекпе-жегінің анонсын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Осы сенбіде UFC Vegas 85 турнирінде жеңілмеген Азат Мақсұм октагонға оралды!», - деп жазды промоушен.
Айта кетейік, кәсіпқой ММА-дағы рекорды 17-0 болған отандасымыз 4 ақпанда жекпе-жек өткізеді. Мақсұмның қарсыласы бұған дейін Қазақстанның тағы бір өкілі Жалғас Жұмағұловты жеңген америкалық Чарльз Джонсон болмақ.
Азат UFC-дегі дебютін былтыр шілде айында өткізді, онда Тайсон Нэмды жеңді.