Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарын айтты
![Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарын айтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_937c73cc44200a8959ee1af51d169de1.jpg?v=28669681)
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жақында рингке оралуға дайындықты бастайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлімханұлы әлеуметтік желіде: «Рингті сағындық! Құдай бұйырса, жақында Америкаға аттанамыз!», – деп жазды.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының бұған дейінгі жекпе-жегі қазан айында Розенбергте (Техас, АҚШ) өткен, ол IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы германиялық Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) жеңіп, белбеулерді біріктірді.