русский язык
Басқа

Қазақстандық су спорты шеберлері әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық су спорты шеберлері әлем чемпионатына қатысады

Қатар астанасы Доха қаласында 2-18 ақпан күндері су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл — 2024 жылғы Париж Олимпиадасының соңғы лицензиялық турнирі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында суға жүзу, ашық суда суға жүзу, көркем жүзу, биіктен суға секіру, су добы спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алдын ала іріктеу сатысында А тобында Бразилия, АҚШ және Нидерландпен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ ерлер құрамасы D тобында Румыния, Италия және Венгриямен кездеседі.

Қазірге дейін жазғы Олимпиадада 2016 жылы суға жүзуші Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған еді.

Қазақстандық спортшылар әзірге дүбірлі додада одан өзге жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Париж Олимпиадасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралғында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;