русский язык
ММА

Дамир Исмағұлов UFC-дан кетіп, «Наше дело» лигасында жекпе-жек өткізеді

Дамир Исмағұлов UFC-дан кетіп, «Наше дело» лигасында жекпе-жек өткізеді

Тегі қазақ файтер Дамир Исмағұлов кәсіпқой карьерасын «Наше дело» лигасында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 2 наурызда өтетін Наше дело 82 турнирінде АСА Гран-приінің жеңімпазы Эдуард Вартанянмен кездеседі.

Дамир Исмағұлов UFC-дегі кейінгі жекпе-жегін былтыр шілде айында өткізіп, америкалық файтер Грант Доусоннан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді. Осылайша Дамир қатарынан екінші жекпе-жегінде жеңілген болатын.

Бұған дейін Исмағұлов 2022 жылы желтоқсанда Арман Царукянға қарсы жекпе-жекте қарсыласына жол берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;