русский язык

«Ақтөбенің» жаңа ойыншысы ҚПЛ-дың ең қымбат футболшысы атанды

«Ақтөбенің» жаңа ойыншысы ҚПЛ-дың ең қымбат футболшысы атанды

Transfermarkt сайты Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшылардың тізімін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштікке «Астананың» жартылай қорғаушысы Макс Эбонг, «Ордабасы» шабуылшысы Артем Беседин және «Ақтөбенің» жаңа қорғаушысы Габи Кики кіреді. Олардың барлығын Transfermarkt 1 миллион еуроға бағалап отыр.

Айта кетейік, Кики Молдова «Шерифінің» құрамында екі дүркін ел чемпионы, сондай-ақ екі дүркін Кубок иегері атанды. Клубпен бірге екі рет УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» өткен маусымды үшінші орынмен аяқтады, бұл клубтың биылғы жазда Конференция лигасына шығуын қамтамасыз етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;