«Атырау» жолдастық кездесуде польшалық командадан жеңіліп қалды
![«Атырау» жолдастық кездесуде польшалық командадан жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_f5d579f7d46cf3d9ceabf0cdff5c0a91.jpg?v=28700671)
«Атырау» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Польшаның «ЛКС Лодзь» клубынан жолдастық кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жолдастық кездесуде 0:1 есебімен полшалық «ЛКС Лодзь» командасы жеңіске жетті.
«Атырау» команда құрамы: Хаткевич, Адамбаев, Керімжанов, Степанов, Жагоров, Қалдыбеков, Новак, Джуматов, Әділ, Стасевич (к), Сигневич.
«Атырау» – «ЛКС Лодзь» (Польша) – 0:1
Гол соққан: Камиль Данковский 77
Айта кетейік, «Атырау» келесі кездесуін 27 қаңтар күні басқа польшалық клуб «Вислаға» қарсы өткізеді.