русский язык

«Арыс» үш футболшымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Арыс» 30 жастағы жартылай қорғаушы Шынболат Мақсымханмен, 29 жастағы қорғаушы Әбілқайыр Зүлфиқаровпен және 21 жастағы жартылай қорғаушы Ғани Сүлейменмен келісімшартты ұзартқанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Мақсымхан мен Зүлфиқаров «Арыс» сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, ал Сүлеймен клубқа өткен жылдың наурыз айында қосылды.

Өткен маусымда Түркістан облысының командасы Бірінші лига турнирлік кестесінде 8-орынға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;