Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің негізгі кезеңіне шыға алмады
Қазақстан өкілі Михаил Кукушкин Оттиньи-Лувен-ла-Нев қаласында (Бельгия) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу жартылай финалында қазақстандық үш сетте 6:2, 5:7, 3:6 есебімен Поле Макс Касниковскийден (ATP рейтингінде 273-орын) жеңіліп қалды.
Айта кетейік, жекпе-жек 2 сағат 3 минутқа созылған.