русский язык
Теннис

Денис Евсеев Бельгияда іріктеу сайыстарының финалына шықты

Денис Евсеев Бельгияда іріктеу сайыстарының финалына шықты

Қазақстанның екінші, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Оттиньи-Лувен-ла-Нёв (Бельгия) челленджер турнирінде іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Іріктеу жарысының 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисшіге дүниежүзілік рейтингіде небәрі 1010-орында тұрған бельгиялық Джек Логе тап келгенімен, ойын оңайға түскен жоқ.

Бар шеберлігін салған Д.Евсеев 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында Денис 5 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ. Д.Логе эйс жасамағанымен, 11 брейк-пойнттың тек төртеуін ғана пайдаланды.
Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 277-ракеткасы, түркиялық Джем Илькель немесе рейтингіде 595-сатыдағы грузиялық Николоз Басилашвилидің қай жеңгенімен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;