русский язык
Хоккей

«Барыс» елордада «Автомобилист» командасына есе жіберді

«Барыс» елордада «Автомобилист» командасына есе жіберді

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елордалық команда плей-офф сатысына шығу мүмкіндігін әлі де жоғалта қойған жоқ. Сондықтан олар үшін әрбір ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.

«Барыстың» бас бапкері Олег Болякин бүгінгі кездесуде қақпаны қорғауға қазақстандық Никита Бояркинді шығарды. Ол біраз уақыт бойы елордалық клубтың қосалқы құрамы ретінде саналатын «Номад» командасы сапында өнер көрсеткен еді.

Кездесу барысында ресейлік клуб сапынан Степан Хрипунов 15-минутта көзге түсті. Одан кейін командалардың есепті өзгертуге бірнеше мүмкіндігі болған. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс ене қойған жоқ.

Ойынның 50-минутында елордалық клубтан Портус Оберг таразы басын теңестірсе, одан кейін ресейлік командадан Кёртис Валк 52, Анатолий Голышев 56-минутта қақпаны дәл көздеп, басымдықты арттырды. Ал 57-минутта «Барыс» сапынан Кристиан Хенкель мергендік танытты. Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» алдағы екі ойынын сырт алаңда өткізеді. Алдымен 24 қаңтарда Ресейде СКА (Санкт- Петербург) командасымен кездессе, одан кейін 26 қаңтарда «Лада» (Тольятти) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада ЦСКА командасына есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;