UFC-дегі қазақ файтерінің келесі қарсыласы белгілі болды
![UFC-дегі қазақ файтерінің келесі қарсыласы белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_9c89354daa5ccdb30e92021d4b9bd103.jpg?v=28695320)
Қытайда тұратын қазақ файтері Мақсат Қайсардың (9-3) UFC-дегі төртінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қайсар 27 сәуірде октагонға оралады, Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетін турнирде ол «Арыстан патша» лақап аты бар үндістандық Аншул Джублимен (7-1) кездеседі.
Мақсат Қайсар кейінгі рет 2023 жылы мамырда жекпе-жек өткізді. Онда ресейлік Вячеслав Борщевтен (7-3-1) нокаутпен жеңілді. Ол UFC-де үш жекпе-жек өткізді, қазіргі рекорды - 1-2.
Келесі қарсыласына келетін болсақ, Аншул Джубли UFC аясында екі жекпе-жек өткізді, ол бір жеңіске жетіп, бір рет жеңіліске ұшырады. Қазан айындағы кейінгі жекпе-жегінде америкалық Майк Бриденді (11-6) үшінші раундта нокаутқа түсірді.
Maheshate will fight Anshul Jubli at UFC event on April 27th. (first rep. Maheshate on Douyin/ h/t @mmaecosystem) #UFC #MMA #UFCESPN #UFC2024 pic.twitter.com/UO2bbF8t0w
— Marcel Dorff (@BigMarcel24) January 20, 2024