русский язык
Қысқы

Тоқаев Оңтүстік Кореяда алтын медаль иеленген жас спортшыны құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшы Илья Мизерныхты Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленуімен құттықтады.

"Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;