русский язык
Теннис

Әмір Омарханов Australian Open турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті

Әмір Омарханов Australian Open турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті
Қазақстан теннисшісі бірінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің төртінші, жарыстың бірінші ракеткасы, ATP рейтингісінде 1872-орында тұрған италиялық Федерико Синамен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші партияда италиялық спортшы бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Есесіне осыдан кейін Әмір қарымта қайтара алды – 6:3, 6:3.

Тартысты бәсеке бір сағат 37 минутқа созылды.

Әмір Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;