русский язык
Командалық

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы Қытайға есе жіберді

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы Қытайға есе жіберді

Қазақстан құрамасы Бахрейн астанасы Манама қаласында гандболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатында 9-16 орындар үшін плей-офф сатысында Қытайдан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақстандық гандболшылар қарсыласына 24:43 есебімен есе жіберді. Одан бұрын Оман құрамасына 29:30 есебімен жеңілген еді.

Енді ел құрамасы 21 қаңтарда Үндістанмен шеберлік байқасады.

Нәтижесінде құрамалардың қай орын үшін сынға түсетіні белгілі болады. Аталған ойындар 22-23 қаңтар күндеріне белгіленген.

Қазақстандық гандболшылар жарыстың алғашқы сатысында D тобында сынға түсті. Алдымен Бахрейннен 13:47, Біріккен Араб Әмірлігінен 15:39 есебімен жеңіліп, Гонконгты 27:22 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан құрамасы биыл құрлықтық додаға үшінші мәрте қатысып отыр. 1998 жылы сегізінші орынға табан тіресе, 1993 жылы он бірінші орынды місе тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;