русский язык

«Ордабасының» бұрынғы жартылай қорғаушысы мансабын Грузияда жалғастырады

«Ордабасының» бұрынғы жартылай қорғаушысы мансабын Грузияда жалғастырады

«Ордабасының» бұрынғы жартылай қорғаушысы Жоржиньо мансабын Грузия чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Кутаиски «Торпедомен» келісімшартқа отырды.
Қазақстан Премьер-лигасының 2023 жылғы маусымында Жоржиньо «Ордабасы» сапында 13 матч өткізіп, үш матчта нәтижелі пас берді.

Жоржиньо мансабында португалиялық «Ароку» мен «Шавеш», франциялық «Сент-Этьен», болгариялық ЦСКА және «Лудогорец», мысырлық «Вади Дегла» және польшалық «Висла» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;