русский язык
Футзал

«Қайрат» Қазақстан құрамасының ойыншысы туралы маңызды мәлімдеме жасады

«Қайрат» Қазақстан құрамасының ойыншысы туралы маңызды мәлімдеме жасады

Алматылық «Қайрат» АФК мен футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Альберт Ақбалықовқа операция сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының футзалшысы Альберт Ақбалықовқа Мәскеуде ота жасалды.

Операция сәтті аяқталды. Альберт қазір сауығып жатыр. Ойыншы алаңға шамамен 8-10 аптада оралады деп күтілуде», - делінген клуб хабарламасында.

Бұған дейін «Қайраттың» тағы бір ойыншысы Біржан Оразовқа ота жасалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;