OCTAGON 54 турнирінде кештің алғашқы жекпе-жегі өтті
![OCTAGON 54 турнирінде кештің алғашқы жекпе-жегі өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_c1f26a3a82c54ce75f2b45eb9aae5bef.jpg?v=28694619)
Бүгін Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 54 турнирінде кештің алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Аса жеңіл салмақта Хусанбой Исоходжаев (2-2) жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Еламан Утаровпен (3-0) кездесті.
Файтерлер тартысты жекпе-жек өткізіп, қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл алмақта титулға экс-үміткер тәжікстандық-қазақстандық Фарход Давлятов (7-3) пен қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп келе жатқан өзбекстандық Азизхон Азимов (4-2) күш сынасады.