русский язык
Әлем футболы

«Әл-Хиләл» Неймармен келісімшартты бұза ма?

«Әл-Хиләл» Неймармен келісімшартты бұза ма?
news-banner7
mobile-news-top

«Әл-Хиләл» Неймармен келісімшартты бұзбайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі инсайдер Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб жаңадан келген қорғаушы Ренан Лодиге орын беру үшін 31 жастағы бразилиялықты өтінімнен алып тастаған.

2023 жылдың қазан айында Неймар жарақан алып, содан кейін ойыншыға ота жасалған. Ол маусымның соңына дейін алаңға шыға алмайды.

Неймар «Әл-Хиләлға» ПСЖ-дан 2023 жылы тамызда ауықан. Трансфер құны 90 миллион еуроны құрады. Ойыншының клубпен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.

Transfermarkt вингерді 45 миллион еуроға бағалап отыр.

Осы маусымда Неймар бес матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;