OCTAGON лигасы 2024 жылғы бірінші турнир бойынша мәлімдеме жасады
![OCTAGON лигасы 2024 жылғы бірінші турнир бойынша мәлімдеме жасады](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_ecb16b7def3f02e7c7927ee36582bd18.jpg?v=28666787)
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы 2024 жылғы бірінші OCTAGON 54 турниріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық Георгий «Рыцарь» Кичигин (29-10) мен өзбекстандық Шохасан Мирзаматов (11-3) арасындағы кештің басты жекпе-жегі файтердің салмағының асып кетуіне байланысты өтпейтін болды. Өзбекстандық файтер таразыда 2,5 келі артық көрсеткен.
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек кеші аясында 19 қаңтар күні Алматыда «командаға команда» форматында Қазақстан мен Өзбекстан арасында кездесулер өтеді. Жекпе-жектердің толық кардын мына сілтеме арқылы көруге болады.