русский язык
Бокс

Қанат Ислам Алматы бокс кешін өткізеді

Қанат Ислам Алматы бокс кешін өткізеді

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Алматыда бокстан турнир өткізеді.

«Біз наурыздың 1-күні Алматы қаласындағы «Балуан шолақ» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кешін өткіземіз!

«Qazaq promotion» компаниямыздың мақсаты: Қазақ елінің жастарының рухын көтеріп, еліміздің абыройын асқақтату. Әлемге елімізді таныту. Қазақ жауынгерлеріне, батырларына жол ашу. Елімізде сау денелі азаматтардың өсіп шығуына үлес қосу, жастарды спортқа тарту және баулу. Бүкіл әлемнен Қазақстанға туристерді тарту, көркем қаламыз Алматыны бокс арқылы таныту», - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;