русский язык
Бокс

Өзбекстандық бапкер Баходир Жалоловты қалай жаттықтырғанын айтты

Өзбекстандық бапкер Баходир Жалоловты қалай жаттықтырғанын айтты

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев шәкірт тәрбиелеуде тәртіпке басымдық беретінін айтты.

Толқын Қылышев шәкірті, танымал өзбек боксшысы Баходир Жалоловты талай рет "скакалкамен" сабағанын жасырмады.

"Кейде қасымдағы жаттықтырушылар ара түсетін. Сондай қатал тәртіптің нәтижесінде Баходир чемпион болып жүр. Қазір маған рахмет айтады", — деді ол.

Бапкердің айтуынша, Баходир бұрын арық және бойшаң болған.

"Ол 92 килода жұдырықтасатын. Беті қайтып қалмасын деп Алексей Севастьяновтың жеке бапкеріне "шәкіртің байқап ұрсын, екінші раундта рингке шығармаймыз" деп өтініш айтқан кезіміз де болған. Сөйткен Баходир қазір абыройымызды асырып жатыр", – деді Қылышев.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;