Әлемнің 5-ракеткасы Australian Open турнирінің екінші кезеңінде жеңіліп қалды
![Әлемнің 5-ракеткасы Australian Open турнирінің екінші кезеңінде жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_8c8122d17afe515d51cfc5ca6521dfcd.jpg?v=28695076)
Әлемнің бесінші ракеткасы америкалық Джессика Пегула Australian Open екінші кезеңінде франциялық Клара Бюрелден 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.
Бюрелдің Мельбурндағы келесі қарсыласы италиялық Мартина Тревизанды 6:4, 6:4 есебімен ұтқан франциялық Осеан Додин.