русский язык

«Қызылжар» Стефан Филиповичпен келісімшартқа отыруы мүмкін

«Қызылжар» Стефан Филиповичпен келісімшартқа отыруы мүмкін

Петропавлдың «Қызылжары» серб қорғаушысы Стефан Филиповичпен келісімшариқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта петропавлдық команда 29 жастағы футболшымен келіссөздер жүргізуде.
Филипович орталық қорғаушы ретінде ойнайды. Ол мансабында «Жарково», ИМТ, «Бежания», «Спартак» сияқты серб клубтарында, сонымен қатар Черногория «Будучность» клубында ойнаған. Стефанның соңғы клубы литвалық «Ритериай».
Өткен маусымда «Қызылжар» Қазақстан чемпионатында 39 ұпай жинап, бесінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;