русский язык
Хоккей

«Арлан» ЖХЛ шабуылшысымен келісімшартқа отырды

«Арлан» ЖХЛ шабуылшысымен келісімшартқа отырды

Шабуылшы Александр Шевченко мен «Арланмен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт 2024 жылғы маусымның соңына дейін жасалған.

Александр өзінің мансабын МХЛ-де «Кузнецкие Медведи» командасында ойнаудан бастады. Барлығы МХЛ-да 4 маусым, 184 матч өткізіп, 113 ұпай жинады (31 гол + 82 нәтижелі пас).
Кейіннен Александр Шевченко ЖХЛ-ға ауысты, онда «Металлург»(Новокузнецк) және «Молота» (Пермь) түстерін қорғады. ЖХЛ-де 7 маусымда ол 198 матч өткізіп, 60 ұпай жинады (20 гол + 40 нәтижелі пас).
Осы маусымда Александр ЖХЛ-да «Ижсталь» (Ижевск) командасында ойнап, 36 матчта 14 ұпай жинады (2 гол + 12 нәтижелі пас).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;