русский язык
Басқа

Қазақстан оқ атудан Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық атқыштар Индонезияда оқ атудан Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ВП-11А» жаттығуы бойынша әйелдер арасында жекелей сында Ирназарова Фатима (Шымкент қ.) күміс медальға ие болды.

«ВП-12» жаттығуы бойынша ерлер арасында жекелей сында Назиркулев Асадбек (Шымкент) күміс медальді жеңіп алды.

«ВП-11А» жаттығуының жалпыкомандалық есебінде Андрей Худяков (Шымкент), Илья Зотеев (Алматы), Назиркулев Асадбек (Шымкент) бар командадан құралған Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлдені жеңіп алды», - деп хабарлайды Федерация. .

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;