русский язык
Әлем футболы

«Реал Мадрид» бас бапкері жақсы көретін футболшысын атады

«Реал Мадрид» бас бапкері жақсы көретін футболшысын атады

Италиялық бапкер Карло Анчелотти кәсіби мансабында жаттықтырған барлық футболшылардың ішінде Зинедин Зиданды артық көретінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

64 жастағы футбол маманы бұрын Испанияға көшіп, жаңа ортаға бейімделу кезінде Зиданның көп көмектесіп, сүйікті футболшысына айналғанын айтты.

«Зидан – мен жаттықтыру кезінде көрген ең мықты ойыншы. Оның қолынан келмейтіні жоқ. Испанияға көшіп келген уақытта оңай болмады. Бірақ Зидан клуб пен ойыншыларды жақсы білетін, соның пайдасы маған да тиді. Ол маған франциялық ойыншылармен тіл табысуда, елдің мәдениеті мен тілін үйренуіме қолғабыс етті. Зидан шынымен көп көмек көрсетті», – деді бапкер.

Айта кетейік, Карло Анчелотти мадридтік «Реал» футбол клубының бас бапкері. Анчелотти 2021 жылы Зинедин Зидан қызметінен кеткеннен кейін бас бапкер болып тағайындалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;