русский язык
Теннис

Недовесов Australian open турнирінің жұптық сынында жеңіліп қалды

Недовесов Australian open турнирінің жұптық сынында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскубармен жұптасып тартысты кездесуде португалиялық Нуно Боргеш пен аустралиялық Александр Вукичтен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Недовесов пен Эскубар 3:6, 7:6, 6:7 есебімен жеңіліді. Матч 2 сағат 20 минутқа созылды.

Айта кетейік, ерлер арасындағы Australian Open турнирінің жұптық сынында қазақстандықтар арасында тек Александр Бублик қана жарыс жолында қалды. Бублик сербиялық Душан Лайовичпен бірге Маттео Арналди мен италиялық Андреа Пеллегриноға қарсы ойнайды.

Бұл Аустралия ашық чемпионатында бесінші қазақстандық теннисші жарыс жолынан шығып қалды. Кеше әйелдер арасындағы жекелей сында Юлия Путинцева, ерлер арасында іріктеуде Тимофей Скатов, Денис Евсеев және Бейбіт Жұқаев турнирдегі өнерін аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;