русский язык
Әлем футболы

Африка ұлттар кубогы: Камерун құрамасы Гвинеямен тең түсті

Африка ұлттар кубогы: Камерун құрамасы Гвинеямен тең түсті

Футболдан Африка ұлттар кубогының үшінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл күнгі ойындарда С тобындағы Камерун құрамасының Гвинеямен 1:1 есебімен тең түсіп қалуы жанкүйерлерді таңғалдырды.

Африка құрлығында камерундық футболшылар тәжірибелі, шеберлігі жоғары деп бағаланады. Дегенмен кездесу барысында олар қарсыласынан жеңіліп қала жаздады.

Алдымен гвинеялық Мохамед Байо 10-минутта есеп ашып кетті. Одан кейін камерундық футболшылар алға қарай ұмтылды. Бірінші кезеңде олар қарсылас құрама қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде камерундық құрама сапынан Франк Магри таразы басын теңестірді. Ойын соңына дейін қос құрама бір-біріне гол соға алған жоқ.

Ал аталған топта Сенегал құрамасы Гамбияны 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, 14 қаңтарда В тобында Гана құрамасы Кабо-Вердеден 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Енді 16 қаңтарда D тобында Буркино-Фасо мен Мавритания, Алжир мен Ангола ойнаса, Е тобында Тунис пен Намибия, Мали мен Оңтүстік Африка кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;