«Ақжайық» Ресей Жоғарғы лигасы матчында қарсыласын тас-талқан етті
![«Ақжайық» Ресей Жоғарғы лигасы матчында қарсыласын тас-талқан етті](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_7f79b7cdf8897c25a4801bdbbb96b473.jpg?v=28694973)
Оралдық «Ақжайық» Ресей Жоғарғы лигасының тұрақты чемпионаты матчында Воткинск қаласының «Знамя-Удмуртия» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесуде бірінші болып гол жіберіп алған қазақстандықтар екінші таймның соңында есепті теңестіріп, кейін 3 гол айырмасымен алға шықты.
Матч 8:3 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды.
Ресей Жоғарғы лигасы. Бірінші кезең. 2-топ.Сегізінші тур
«Ақжайық» - «Знамя-Удмуртия» 8:3