русский язык
Басқа

Канвон-2024: қазақстандық спортшылар жасөспірімдер олимпиадасына аттанды

Елордада отандық спортшыларды Оңтүстік Кореяда өтетін IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтті.

жасөспірімдер олимпиадасыФото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

«Құрметті спортшылар, сіздер барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасына еліміздің намысын қорғауға аттанғалы тұрсыздар. Әлемдегі жетекші спортшылардың қатарына кіре алдыңыздар», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев салтанатты шарада.

жасөспірімдер олимпиадасыФото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Министрдің мәліметінше, еліміз тәуелсіздік алғалы жасөспірімдер олимпиадасында 29 медаль жеңіп алды, оның 5-і қысқы олимпиададан.

жасөспірімдер олимпиадасыФото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

«Елімізде қысқы спорттардың өз дәстүрі бар. Бүгінде тек елімізге ғана емес, бүкіл әлемге танымал даңқты спортшыларымыз халықаралық қысқы жарыстарда өнер көрсетіп, үнемі жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді. Олардың қатарында шаңғышы Владимир Смирнов, конькимен жүгіруші Людмила Прокашева, биатлоншы Елена Хрусталева, мәнерлеп сырғанаушы Елизавета Тұрсынбаева бар. Сіздер халықаралық спорт додасына қатыса отырып, зор тәжірибе жинайсыздар», - деді ведомство басшысы.

жасөспірімдер олимпиадасыФото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Естеріңізге сала кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы биыл 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді.

жасөспірімдер олимпиадасыФото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Қазақстанның спорт делегациясы құрамында спорттың бес түрінен 42 спортшы бар.

жасөспірімдер олимпиадасыФото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Айта кетсек, жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан туын «Ұлттар шеруі» кезінде Қазақстан туын конькимен жүгіруден Петропавлдан ұлттық құраманың мүшесі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шығады.

жасөспірімдер олимпиадасыФото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Жалпы, еліміз үш қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысып, екі күміс және алты қола медаль жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;