«Қазақ» UFC жекпе-жегіне дайындық барысында кіммен спарринг өткізетінін мәлімдеді
![«Қазақ» UFC жекпе-жегіне дайындық барысында кіммен спарринг өткізетінін мәлімдеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201131_d95025e58f2aa67af07d15d7aaa64c87.jpg?v=28694977)
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Азат Мақсұм (17-0) Prosports.kz сайтына берген сұхбатында UFC-дегі жекпе-жегіне дайындық барысында жоғары деңгейлі спарринг-қарсылас іздеуден қиналмайтынын айтты.
– Мықты спарринг-қарсыластарым бар. UFC-ге бір табан жақын қалған Бекзат Алмахан, OCTAGON лигасының экс-чемпионы Дамир Төленов және тағы басқа да спарринг-қарсыластарым бар, – деді ол.
Азат Мақсұм 4 ақпан күні таңертең Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 235 турнирінде Нейт Мэнесспен (15-3) кездеседі. Америкалық файтер UFC-де 2020 жылы қазаннан бері алты жекпе-жек өткізді - 4-2. Ал 28 жастағы Мақсұм UFC-де жалғыз жекпе-жек өткізді, биыл 15 шілдеде ол тәжірибелі Тайсон Нэмды төрешілер шешімімен жеңді.