UFC Vegas 84 турниріндегі басты жекпе-жек нокаутпен аяқталды
![UFC Vegas 84 турниріндегі басты жекпе-жек нокаутпен аяқталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/201736_4ef0ef2ac2cd5c1fe2ee1591468bc7ce.jpg?v=28670841)
Лас-Вегаста UFC Vegas 84 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің басты оқиғасы Магомед Анкалаев пен Джонни Уокердің жекпе-жегі болды. Жекпе-жек Анкалаевтың екінші раундта нокаутпен жеңуімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші жекпе-жек өткен жылдың қазан айында өтіп, ресейлік тарапынан тыйым салынған соққыдан кейін бразилиялық жекпе-жекті жалғастыра алмағандықтан жарамсыз деп танылған болатын.
Анкалаев үшін бұл мансабындағы 18-ші жеңісі. Уокер 29 жекпе-жегінің 8-інде жеңілді.