русский язык
ММА

Қазақстандық файтер BRAVE CF-пен жаңа келісімшарт туралы айтты

Қазақстандық файтер BRAVE CF-пен жаңа келісімшарт туралы айтты

Қазақстандық ММА файтері Олжас Есқараев BRAVE CF командасымен келісімшартының аяқталуы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазір тыныш, күтеміз. Менің BRAVE CF-мен келісімшартым аяқталды. Матчмейкер жаңасы болады деді, бірақ біз әлі күтеміз.

Ешқандай жекпе-жек жоспарым жоқ, сондықтан біздің лигалар мені 70 келіге дейінгі салмақтағы жұлдыздарына қарсылас деп санай алады», - деді Есқараев.

Айта кетейік, кейінгі жекпе-жегінде, 2023 жылдың 5 желтоқсанында Есқараев Манамада өткен BRAVE CF 77 турнирінде ресейлік Руслан Тедеевке (13-4) қарсы екінші раундта тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жеткен болатын.

Есқараевтың ММА-да 15 жеңісі мен жеті жеңілісі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;