русский язык
ММА

«Шетелде жекпе-жек өткізгім келеді». «Қазақ Сехудосы» алғашқы жеңілісі, UFC-мен келіссөз туралы

«Шетелде жекпе-жек өткізгім келеді». «Қазақ Сехудосы» алғашқы жеңілісі, UFC-мен келіссөз туралы

Өткен жыл қазақстандық аралас жекпе-жек үшін көптеген айтулы оқиғаға толы болды, жеңістің қуанышын да, жеңілістің ащысын да сезіндік.

Мамандар мен ММА сарапшылары UFC-мен келісімшарт жасасуға негізгі үміткерлердің бірі деп санайтын OCTAGON лигасының бұрынғы чемпионы Дамир Төленов (11-1) кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. «Қазақ Сехудосы» қыркүйекте бразилиялық Клаудечи Бритодан (9-3) күтпеген жерден жеңілген еді.

Қазақстандық файтер Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында сол жеңілісі жайында айтып, UFC туралы сұрақтарға жауап берді.

– Дамир, өткен 2023 жылды өзіңіз және кәсіби мансабыңыз үшін қалай бағалай аласыз?

– 2023 жыл мен үшін өте жарқын жыл болды – жеңіс те, жеңіліс те көрдік. Чемпиондық белбеусіз қалдым. Неше түрлі есте қалар сәт болды. Әрине, көбірек жекпе-жек өткізгім келеді, бірақ салмақ қууға, жарақаттарға және басқаларға байланысты жиі жекпе-жек өткізу мүмкін емес.

– Жеңіліс туралы айтар болсақ, бұл бәріне үлкен тосынсый болды, оны психологиялық тұрғыдан қалай жеңдіңіз?

– Бірінші жеңілісімді қалыпты қабылдадым. Өзімнің әлсіз тұстарыммен жұмыс істей бастадым. Әрине, мұны ешкім күткен жоқ, бірақ бәрібір бізді жеңілмейтін дәрежеге көтермеу керек, өйткені біз бәріміз қарапайым адамбыз және жеңілуіміз де ықтимал. Егер жеңілмесеңіз, демек дұрыс емес адамдармен күресіп жатқаныңыз. Сондықтан мен жеңілісті жақсы қабылдадым деп ойлаймын, енді тек жеңіске жетемін және жекпе-жектерге ойша жақсырақ қараймын.

– Жеңіліс дайындық барысында бір нәрсені қайта қарауға итермеледі ме?

– Иә. Әрине. Бұрын қарсыласыммен қалай күресетінімді жекпе-жек барысында анықтап, сол кезде бейімделетінмін. Енді қарсыласымның әлсіз және күшті жақтарын алдын ала қарап, талдаймын, сосын залда осы тұстарды нақтылаймын.

– Бразилиялықпен жекпе-жектегі сәтсіздік MMA-дегі болашағыңызға және UFC-мен қалаған келісімшартыңызға қалай әсер етті? Америкалық ұйыммен келіссөздер болды ма?

– Келіссөз туралы ештеңе білмеймін. Шаруаларыммен UNDERDOG Manаgement айналысады, сондықтан барлық сұрақты соларға жолдау керек. Әрине, тез арада басқа лигаларға өтіп, шетелде жекпе-жек өткізгіміз келеді. Менің ойымша, мұны әрбір файтер қалайды және осыған назар аударады, бірақ нәтиже бермей жатыр. Әрине, UFC-ге ауысқым келеді. Мен сол жерде өз есімімді қалдыру үшін және ММА тарихында қазақстандық файтер ретінде із қалдыру үшін өнер көрсеткім келеді. Чемпиондық амбицияларым да бар, өйткені UFC-ге ауысқан әрбір адам әр жекпе-жекте жеңіске жетіп, белбеуді алуға тырысады.

– Bellator, ONE FC немесе сол сияқты әлемдегі кез келген басқа үздік ұйымдарда өнер көрсетуді ойлайсыз ба?

– Осы ұйымдардың кез келгенінде төбелескім келеді. Қанша дегенмен, айырмашылық бар – отандық лигада немесе шетелде жекпе-жек өткізу. Бұл әртүрлі сезімдер мен эмоциялар. Bellator, ONE FC немесе кез келген сол секілді ұйымдарға ауысқым келеді. Әрине, UFC-ге кетсем жақсы болар еді, өйткені бұл ең жоғарғы ұйым.

– Какие планы у вас на этот год и каким путем планируете двигаться дальше в карьере?

– OCTAGON-да жеңіл салмақ дәрежесінде қалыптасқан бәсекені жалпы қалай бағалайсыз?

– Қазір бәсекелестік күшейе түсті, бірақ менің ойымша, бізде 57 келіде 61 немесе 66 келідегідей үздік спортшылар әлі де көп емес. Жоғарыдағы санаттар бойынша 10 үздік файтер табылса, 57-де 5 адам ғана шығады.

– Енді қашан жекпе-жек өткізбексіз?

– Биыл ақпанда OCTAGON-да төбелесеміз деп ойлаймын. Сондықтан жіберіп алмаңыздар.

19 қаңтарда Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында OCTAGON 54 турнирі өтеді. Басты жекпе-жекте жартылай орта салмақта ұйым чемпионы Георгий Кичигин (29-10) өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматовпен (11-3) күш сынасады.

Фото: OCTAGON

Алдағы шоудың билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 54 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;