русский язык
Теннис

Қазақстанның үздік теннисшісі Аделаидадағы турнирде финалға шыға алмады

Қазақстанның үздік теннисшісі Аделаидадағы турнирде финалға шыға алмады

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингте 31-орында тұрған ұлыбританиялық Джек Дрэйперден жеңіліп қалды. Матч 6-7 (2-7), 4-6 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, ширек финалда қазақстандық спортшы италиялық Лоренцо Музеттиді 6:3, 6:7, 7:5 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;