русский язык
Теннис

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатына қатысу үшін Мельбурнға келді

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатына қатысу үшін Мельбурнға келді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатына қатысу үшін Мельбурнға келді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа жыл басталғаннан бері Брисбен WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанып, Аделаидеде дәл осындай жарыстың ширек финалына дейін жеткен Е.Рыбакина үшін биылғы Аустралия ашық чемпионаты аса маңызды болмақ.

Өткен жылы Аустралия біріншілігінің финалына дейін жеткен қазақстандық теннисші ең алдымен сол турнирде алған 1200 рейтингілік ұпайын қорғауы керек. Ол үшін биыл кемінде финалға дейін жетуі қажет. Мұның оңайға түспесі анық. Оның үстіне Елена Рыбакина алғашқы айналымда-ақ әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі.

Бұған дейін өзара үш ойында да қазақстандық теннисші жеңгенімен, К.Плишкованың қауқары қайта қоймағаны анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;