русский язык
Теннис

Australian Open: Рыбакинаның басты қарсыласы кортқа қашан шығатыны белгілі болды

Australian Open: Рыбакинаның басты қарсыласы кортқа қашан шығатыны белгілі болды

Жексенбі, 14 қаңтарда Аустралия ашық чемпионатында қай теннисшілер алғашқы матчын өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жексенбіде әйелдер арасында жекелей сындағы алғашқы матчын ресейлік Элина Аванесян, Камилла Рахимова мен Людмила Самсонова өткізеді. Сондай-ақ сол күні беларусьтік Арина Соболенко кортқа шығады.

Еске салайық, Аванесян бірінші айналымда қытайлық Чжосюань Баймен, Рахимова америкалық Эмина Бектаспен, Самсонова Аманда Анисимовамен күш сынасады, ал Соболенко іріктеу жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;